kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2701489
Бір айда209422
Бір аптада42809
Кеше8774
Тәулік608
Павлодарлық жас суретшілердің 5 суреті «Абайдың қара сөздері» кітабына шықты
14-10-2020 15:52
Павлодарлық жас суретшілердің 5 суреті «Абайдың қара сөздері» кітабына шықты

Сарапшы қазылар алқасы отырысының қорытындысы бойынша кәсіби суретшілер қатарынан 2020 жылдың маусым айында ең үздік балалардың 45 жұмысы, оның ішінде павлодарлық балалар көркемсурет мектебі оқушыларының 5 жұмысы іріктелді. «Абайдың қара сөздері» атты қашықтықтан өткен республикалық балалар сурет байқауы Абайдың 175 жылдығына арналды. «BAURZHANFoundation» жеке қоры және «Балалар әлемді бейнелейді» ҚҚ «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп байқаудың демеушілері мен құрылтайшылары болды.

Қазан айында павлодарлық қатысушылар марапат ретінде республикалық байқау жеңімпазының дипломын және байқауды ұйымдастырушы «Балалар әлемді бейнелейді» ҚҚ шығарған «Абайдың қара сөздері» кітабын алды. Кітапта 12 жастағы Авазбакова Каринаның «35 қара сөзі» фломастермен жасалған және акварельмен суреттелген, 15 жастағы Жексенова Адинаның және 15 жастағы Полянцева Ангелинаның «44 қара сөз» және «23 қара сөз» гуашпен орындалған, 14 жастағы Қайдарова Римманың «45 қара сөзі»  түрлі-түсті қарындаштармен суреттелген. 13 жастағы Алексеенко Валерияның «Абай портреті» жұмысы, «Қара сөздер» кітабының «Галерея» бөліміне енгізілген. Ол байқау сертификаты мен кітап алды. «Біз оқушыларымыздың кезекті үлкен табысына қуаныштымыз. Бұл балалардың әрқайсысы дарынды, мектептің шығармашылық өмірінің белсенді қатысушысы», - дейді директордың орынбасары Масленникова Инна Владиславовна.