Сенім телефоны
8(7182)34-00-20
email: 22shool@mail.ru
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-34-47-21, 8(718-2)-34-26-51
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
Бір жылда2940162
Бір айда222162
Бір аптада51341
Кеше8020
Тәулік2984
Көнілді старт
10-09-2019 19:03
Көнілді старт

   Бауыржан Момышұлы атындағы  жалпы  орта білім беру мектебінде 2019 жылдың 6 қыркүйекте өткен «Денсаулық аптасы» акциясының нәтижелері «Көңілді старт» ойынымен қорытындыланды. Мектептің футбол алаңында «Көңілді старт» жарысына ата-аналармен бірге 4-сынып оқушыларынан құралған 5 команда қатысты. Әркім өзінің күшін сынап көруге, шеберлігін, өзін-өзі шындауда, ерік-жігерін көрсетуге мүмкіндігі болды. Байқау бағдарламасына «Менің отбасым» сурет салу байқауы, «Жылдам паровоз», «Кім жылдам» эстафеталары кірді. Жарыс көңілді өтті, әсіресе ата-аналардың балалармен бір ойыннан екінші ойынға жету деген қызығушылықтары арта түсті.

    Жарыстың нәтижесі бойынша І орынды «Мәңгілік ел» командасындағы анасы, әкесі, ұлы Алижаннан тұратын Ирсаевтар отбасы иеленді. Олар  шеңберді тезірек жүгіріп, допты қағып алып, иллюстрациялы суреттерді қағазға түсіре алды. Оларға ұйымшылдық, жеңіске деген ұмтылыс көмектесті. II орынды «Қыран» командасындағы  анасы, әкесі, ұлы Әлиден тұратын Әлібековтер отбасы иеленді. ІІІ орынды «Шымыр» командасындағы  анасы, әкесі, ұлы Әмірден тұратын Жексеновтер отбасы иеленді.  Жүлдегерлер мен жеңімпаздар  грамоталар және дипломмен марапатталды.

Денсаулық апталығы барлық оқушыларға, ата-аналарға және ұстаздар ұжымына өзінің жарқындығымен, әр түрлі жарыстардың өткізілуімен, оқушылардың сайыстарды дұрыс ұйымдастыра білуімен есте қалды. Мектептегі барлық іс-шаралар 1 - 11 сыныптар арасындағы 1956 оқушының қатысуымен өтті.  Бастауыш сынып командалары эстафетаның әр түрінен жарысты: «Сергіту сәті», «Кім жылдам», «Теннис», «Сурет салу», «Жылдам паровоз». Жаппай іс-шаралар өткізілді: «Үстел теннисі», «Қозғалыс ойындары», «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «қазақша күрес», «Пионербол», «Волейбол», «Баскетбол», «Футбол», «Зияткерлік шахмат ойындары», «Қол күресі».