Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бір жылда2939990
Бір айда221990
Бір аптада51169
Кеше8020
Тәулік2812
«ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ» АКЦИЯСЫ
10-09-2019 11:12
«ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ» АКЦИЯСЫ
Саламатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу мемлекеттік деңгейде мән беріліп отырған басты мәселе екені белгілі. Осы бағытта түрлі шаралар ұйымдастыру қолға алынған. Сондай ауқымды шараның бірі жаңа оқу жылының алғашқы аптасында өткізіледі деп жоспарланған болатын.
Яғни, 1-6 қыркүйек аралығында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде «Денсаулық апталығы» қалалық акциясы болып өтті. Шараның мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау. 
Салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған шара бойынша  1-11 сыныптардағы оқушылар түрлі шараларға қатысты. Тақырыптық әдебиеттерге арналған көрмелер ұйымдастырылды, 3-5 сыныптар арасында «Көңілді мәре» ойындары, 6-7 сынып оқушылары арасында пионербол, футбол жарыстары, 8-9  сыныптар арасында баскетболдан, 10-11 сыныптар арасында волейболдан жарыс, 6-сынып оқушыларына арналған «Мен жеңімпазбын» спорттық турнирлер өткізілді. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын-алу бойынша көрнекті материалдар (буклеттер, жадынамалар, ұсыныстар) таратылады. 
Сондай-ақ, жаппай «Денсаулық сабақтары» жүргізіліп, балаларға саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Денсаулық сабақтарында жеткіншектерге денсаулықты күтіп, сақтау бағытында әңгімелене отырып, оларды шылым, есірткі, алкоголь секілді зиянды заттардан аулақ болуға үндейді. Оқушылар арасында белсенді болудың, саламатты өмір салтын ұстанудың, спортпен шұғылданудың пайдасы насихатталды. 
 
«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!»
 
 
 
СӨС үйлестірушісі:  Ж.А.Садыкова