Сенім телефоны
8 (7182)332662
email: pavlschool30@mail.ru
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Ледовской көшесі 18/3
қабылдау бөлмесі 8(7182)332661
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі 16.00 - 18.00 сенбі 09.00 -11.00
Бір жылда2918939
Бір айда105539
Бір аптада18012
Кеше1451
Тәулік653
Мектепке жол

 "Мектепке жол" акциясы

Балаларға сіздің көмегіңіз қажет!

Құрметті қала тұрғындары!

Жаңа 2018-2019 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін республика бойынша «Мектепке барар жол» акциясы мен «Балалықты қорғауға бағытталған 20 қадам» атты қайырымдылық марафонын өткізу туралы жарияланды.

Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке барар кезінде демеу жасау, киім-кешек, аяқ-киім, кеңсе тауарлары және т.б. заттардың жоқтығынан мектепке келмей қалудың алдын-алу -акцияның ең басты мақсаты болып табылады.

Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.

Қала тұрғындарының барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.

Тел: 301497, 332662

№30 ЖББОМ 2018-2019 оқу жылыдағы  1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында республикалық  "Мектепке жол" акциясы барысында мұқтаж балаларға көмек көрсету туралы ақпарат

 №30 мектепте  2018-2019 оқу жылының 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  республикалық "Мектепке жол" акциясы өткізілді.

Келесі іс-шаралар жүргізілді:

1)      Әлеуметтік педагог Г. М. Мұсағажинованың ұйымдастыруымен мұғалімдер жетім балаларға, аз қамтылған, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, тұрмысы төмен отбасылар мен аса зәру адамдардың отбасыларының пәтерлеріне қажетті материалдық көмек көрсету мақсатында рейдтер ұйымдастырылды.

2)      Материалдық көмек көрсету үшін балаларға "Баланы мектепке дайындаймыз" атты парақшалар таратылды.

3)      Бірінші қабаттағы дәлізде стенд (жұмыс жоспары, хабарламалар, ақпарат) безендірілді.

4)      Өтініштермен ұйымдарға шықтық.

5)      Апта сайын жиналыстарда мұқтаж адамдарға материалдық көмек көрсету туралы сөз сөйледі.

6)      Апта сайын акция бойынша қорытындысы жасалып отырылды.

7)      Мектеп сайтына ақпарат және фотосуреттер орналастырылған.

8)      Балалармен бірге ата-аналар мен мұғалімдер эфирге шақырылды.

Тамыз-қыркүйек айлары ішінде аз қамтылған отбасы балалары, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары қамтамасыз етілді: жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп формасы, аяқ киімдер – 53 бала, сомасы – 407000теңге, Бюджеттен тыс кеңсе тауарлары мен мектеп формасы және аяқ киім саны – 21 бала, сомасы – 230000 теңге.

Үлкен көмек көрсеткен демеушілер –" Мәшһүр-Жүсіп атындағы орталық мешіті ", бала саны -15, 105000т сомаға. (кеңсе тауарларымен рюкзактар);

ЖК "Бидәулетов", бала саны - 4, сомасы-75000т.;

Приняли активное участие учителя СОШ №30:  Нурпеисова Р.Ш., Толеубай С.К., Карасартова А.Т., в колличестве -2  детей, на сумму-50000 тенге.

Қорытынды шығару кезінде барлық демеушілер алғыс хаттармен марапатталды.

 Республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясын өткізу кезінде барлығы 74 оқушыға көмек көрсетілді, сомасы - 637000 теңге, оның ішінде: Жаппай біліммен қамту қорынан, бюджеттен – 53 оқушы сомаға 407000т., демеушілік көмек көрсету арқылы, бюджеттен тыс -21 оқушы, сомасы – 230000т.

Ұсынымдар:

1)      Сынып жетекшілері өткізілетін акция туралы балаларға жиі жарияласын.

2)      Акцияны өткізу үшін бүкіл педұжым, кәсіподақ ұйымы, сондай-ақ ата-аналар  белсене қатыссын.

Бүкіл педұжым киім, аяқ киім, кеңсе, ақшалай қаражатпен көмек көрсету үшін қолдаухат тарату және демеушілер табуда белсенділік танытсын.