Сенім телефоны
8-(7182) 31-42-44
email: school20pavl@mail.ru
Мекенжайы: М. Горький көшесі, 102/4
8-(7182) 31-42-44
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 9.00-16.00 Сенбі 9.00-13.00
Бір жылда2940162
Бір айда222162
Бір аптада51341
Кеше8020
Тәулік2984
Басшы

Топанова Гүлнәр Туиякқызы - 

 

№20 лицей - мектебінің  директоры

Білімі: жоғары, ВМПИ, 1987 ж. гуманитарлық ғылымдар магистрі (филология).

Санаты: жоғары, педагог-зерттеуші.

Мамандығы: орыс тілі және әдебиет мұғалімі.

Өздігінен білімдену тақырыбы: Әдебиет сабағында жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғаға бағытталған құзыреттілігін дамыту.

1987 - 1993 жж. -  Хмельницкий облысы, Красилов қ. №2 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

1993  - 2004 жж. - Павлодар қаласы, №39 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

2004 жылдан - Павлодар қаласы №20 лицей- мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі және оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісі .

2007 - 2011 жж. - Павлодар қаласы №20 лицей-мектебінің оқушылардың ғылыми қоғамының жетекшісі және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары.

2011 ж .- № 20 лицей-мектеп директоры.

Мектеп - біздің ертеңіміз. Оның қандай болатыны әрқайсымызға байланысты. Мектеп - әр күні бір-біріне ұқсамайтын,әр сәті- ізденіс үстіндегі, зерігуге уақыт жоқ, үнемі адамдарға жақсылық жасауға ұмтылыста, өз басына  айналасындағылардың қызығушылығын тудыратын, тартымды, адамдарға жағымды энергия тарататын, білгенімен бөлісетін, білімге құмар, салғырттықтан қашатын ғажайып ел. 

Сондықтан мұндай ғажайып елге тек қана ең төзімді, ең қуатты, жауапкершілігі мол, ең мейірімді, талантты да дарынды адамдар ғана сыйымды. Олар - ұстаздар. Егер таңқалдыра алмасаң, қызықтыра алмасаң, төзімің жетпесе-өз жөніңді біл, алыста. Бұл елде енді ешкімге керегің жоқ. Бұл-ерекше ел ғой. Бұл - мектеп. Ұстаз-жас өркен мен қоғам арасындағы байланыс күші. Ол тәрбиеші әрі тәлімгер. Бұл оның адами, азаматтық ұстанымы. Оның ісі адамды қалыптастыруға бағытталған. Ұстаздар ұжымының  көшбасшысы - директор.

Заманауи мектеп директоры, ол-кім? Ұстаз ба, менеджер ме, әлде шенеунік... Осылайша  ұзақ  жалғастыра беруге болады, расында да, оның кім екенін түсіну қиын, бір жұмыс күні ішінде сан қабат бірін-бірі алмастырып жатқан тіршілікте өзінің еңбегінің жемісіне қанаттанып, болмаса көңілі пәс тартып жұмысына қанағаттанбайтын, атқарған ісіне есеп беріп, жаңалық ашушы.

Жұмыс тәжірибем көп емес. Менің ойымша, білім беру мекемесінің директоры ең алдымен кәсіби ұстаз болу  керек. Сонымен қатар менеджменттік қабілеті мен мекемені басқара білуі керек. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында  мектеп ісінің негізгі салаларын келешекке сауатты түрде бағыттай білуі керек. Басшы моральдық тұрғыда  биіктен көріне білуі қажет. Мектеп директоры ретінде қояр талабым - өзгеге түсінушілікпен қарап, өзіме келгенде қатал, ережелерге бағынып, ұстанымдарды қабылдап, адал да әділетті болу.

Менің мақсатым: мұғалімдердің кәсіби өсуіне барынша оңтайлы жағдай жасап, мектеп ісінің нәтижелі болуына педагогикалық ұжымды жұмылдыру.

Менің қызметіме орай менің айналамда әрқашан мені керек ететін және маған қажетті  адамдар. Жанымда -әріптестерім, пікірлестерім. Олар маған сенеді, көмектеседі. Менің ойымша, мен ол адамдардың сенімінен шығып, үміттерін ақтай аламын.