Телефон доверия
8(7182)34-00-20
email: 22shool@mail.ru
Адрес: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-34-47-21, 8(718-2)-34-26-51
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
In a year2928209
In a month146222
In a week37293
Yesterday8708
Day723
Мектеп директоры
 
 

Мамбетова Майра Қабиденқызы

 
 
 
 

«Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы  жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры

 

 

 

 

 

  Білікті басшының әріптестеріне қоятын талабы – білім сапасы. Заманына сай іскер басшы атанып, қайраткерлік қырымен көзге түсіп жүрген Майра Қабиденқызың еңбегі өте зор. Тәжірибелі, педагогикалық шеберлігі шыңдалған мұғалім. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтарында жаңа технологияны пайдаланып, заман талабына сай сапалы білім береді. Бұған оқушыларының да, өзінің де жетістіктері дәлел:

  • 2013 ж. Павлодар облысының 75-жылдығына медальмен марапатталды.

  • 2013 ж. Халықаралық «Русский медвежонок» атты сайысында 6 сынып оқушылары Багиенова Лаура, Абраева Динара жүлдегер атанып, дипломдармен марапатталды;

  • 2013ж. Шығармашыл ұстаз халықаралық ғылыми-әдістемелік «Диахроникалық зерттеудің әдістемесі: тілге деген когнитивтік бейімдеу» атты тіл мамандарына арналған семинарға қатысып, сертификат иеленді;

  • 2013 ж. Республикалық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудегі жаңа сапаны қамтамасыздандыру факторы» атты педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінде баяндама оқығаны үшін сертификат берілді;

  • 2013 ж. Республикалық «Өрлеу» орталығында «Білім беру менеджментінің құзыреттілігін қалыптастыру" атты баяндама оқыды.

  • 2014 ж. Қалалық тамыз конференциясында "Жүйелі жаңарту жағдайдағы білім беру мазмұнын сапалы түрде қамтамасыздандыру" атты баяндама оқыды.

  • 2016 ж. Халықаралық «Новый урок» атты блиц-турнирінде орыс тілі пәнінен 2 оқушысы-ІІ орынға, 8 оқушысы-ІІІ орынға ие болды, орыс әдебиетінен 9 оқушысы-ІІ орын жеңімпазы болды. 

  • 2017 ж. Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

  • 2018 ж. «Қазақстан Республикасы білім беруінің құрметті қызметкері» төсбелгімен марапатталды. 

  •  

    2019 ж. «Бауыржан Момышұлының шапағаты-2019» төсбелгімен марапатталды. 

 

Павлодар қалаcының 33 шағын ауданында 1981 жылдың 1 қыркүйегiнде 1568 орынға арналған № 22-шi жаңа мектебi өз есiгiн тұңғыш рет ашты. Оқу-тәрбиелiк процесс мектеп жұмысының алғашқы күндерінен бастап оқушыларға сапалы бiлiм беру мен табысқа жетуіне бағытталды, сондықтан мектептiң басты мiндеттерiнiң бiрi тәжiрибелi педагогикалық ұжымның құрастыру болды.

Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ бүгінгісі: Сапалы білім беру үшін ұжымдағы қызметкерлерге жағдай жасау керек. Директор ретінде санаймын: әр қызметкерге мүмкіндігінше, жақсы еңбек етуге жағдай жасап, кәсіби деңгейлерін көтеруге ықпал етіп, жұмыс орнын заманауи техникамен, әдістемелік әдебиетпен жабдықтау қажет. Бір-біріне көмек көрсету, демеу жасау, сыйластықпен қарау, әкімшілік пен педагогикалық ұжым және кәсіподақ арасындағы әрекеттік ұжымда іскерлікпен жұмыс жасау ықпал береді. Ұжымның табыстығына ата-аналар қауымымен бірігіп жұмыс жасау да зор үлес қосады. Ата-аналармен ынтымақтастық - мұғалімнің табыстық кепілі. Мектептің мақсаты – кез-келген мәселені шеше алатын, бойына азаматтық қасиеттерді сіңірген оқушы тұлғасын қалыптастастыру. Кәсіби деңгейін көтеру және отбасы, мектеп қоғам ынтымақтастығы арқылы инновациялық мектепті құру жолдарын қазіргі күні біздің ұжым іздену үстінде. Әдістемелік жұмысты жаңғырту, дәстүрлі емес оқыту техникаларын іздеу және социуммен жұмыс жүйесін құру арқылы ғана бұл мақсатқа жетеміз. Мектеп жұмысында оңтайлы динамиканы сақтау үшін, бізді шығармашылық жоспарлар да, педагогикалық резервте жеткілікті.