Сенім телефоны
65-50-42
email: sch42_pavlodar@mail.ru
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-65-62-86 қабылдау бөлімі,65-62-93 вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда2962699
Бір айда241337
Бір аптада62120
Кеше13645
Тәулік1744
Жастар саясаты

 

«Білімді жас — ел ертеңі. Еліміздің келешегі жастардың қолында!

Жастар – ертеңімізді жасайтын бүгініміз»

Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 09 ақпандағы № 285-V «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы Осы Заң мемлекеттік жастар саясатындағы қоғамдық қатынастарда реттейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 — 4 баптар)

2-тарау. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік жастарсаясаты саласындағы құзыреті

( 5 — 19 баптар)

3-тарау. Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудың және іске асырудың тетіктері

(20 — 27 баптар)

4-тарау. Жастардың мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысуы

( 28 — 30 баптар)

5-тарау. Қорытынды ережелер

( 31 бап)

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жас маман – жиырма тоғыз жасқа толмаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және білім туралы құжатта көрсетілген мамандық бойынша үш жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы; 2) жас отбасы – ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi тәрбиелейтін толық емес отбасы; 3) жастар – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары; 4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым – мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жас азаматтардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету, дене бітімін, рухани және имандылық тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі; 5) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы – мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдауды және оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы есеп; 6) мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі; 7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 8) өңірлік жастар форумы – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы; 9) республикалық жастар форумы – өңірлік форумдарда сайланған жастар өкілдерінің мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумы. СКАЧАТЬ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №191 «Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» Қаулысы

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мазмұны Кіріспе 1-бөлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту пайымы 2-бөлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері 3-бөлім. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Кіріспе Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады. Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады. СКАЧАТЬ


СКАЧАТЬ

«Павлодар қаласының №42 ЖОМ» ММ жастар бастамасын дамыту мәселелері бойынша үйлестірушісі Лаура Серікқызы Омарова Тел.52-60-95 5904918@mail.ru


 

«Жас Ұлан» ұйымы Ұланбасы сайлауын өткізілді

29.11.2017 жылы «Жас Ұлан» ұйымы Ұланбасы сайлауын өткзді. Ұланбасылыққа үметкерлкке: 8В сыныбынан Ануарова Альбина, 9Б сыныбынан Карпова Елизавета, 10А сыныбынан Мананникава Любовь ұсынылды. Ұланбасына үміткерлер өз бағдарламаларымен таныстырды, әр сыныпқа кіріп насихат жұмыстарын жүргізді. Комиссия құрамына тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары Лаура Серікқызы Омарова, Айнагүл Хайрулқызы Абаева, аға вожатый С.Б.Шалабаева енді. Олар әділ шешім қабылдады. Сайлауға 1-11 сынып оқушылары қатысты. Сайлау сағат 12.00-де басталып, 16.00-де аяқталды.

1

2

3