kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда2238763
Бір айда217601
Бір аптада43996
Кеше8399
Тәулік1370
Мектепке дейінгі ұйымдарда орынды ерте алу бойынша кестесі

2021-2022 оқу жылына арналған

Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына

балаларға ерте орынды тағайындау функциясы арқылы жинақтау

 

     Жаңа оқу жылына қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына балаларды жинақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында ерте орынды тағайындау функциясы іске қосылады.Ерте орынды тағайындау - бұл бос орын, баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдағанға дейін жолдама алуға болатын бос орын. Орынды ерте тағайындау үшін ата-аналар орындардың жарияланған кестесін оқып, indigo24.kz сайтына кіруі керек, орын жарияланған күні баланы беретін  балабақшаны таңдап, орынды алуға болады.

     Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін кестеге сәйкес таңғы сағат 07:00-де (жеті) әрбір кезекке қойылатын орындар санына байланысты өтініш берушілерге басым қолжетімділік ашылады.Басым қолжетімділік ашылғанда өтініш берушілер босаған орындар туралы ақпаратты зерделейді және қызығушылық туындаған жағдайда балабақшаға қабылдауға арналған электрондық жолдаманы өздері алады.Уақыт өткеннен кейін (3 жұмыс күні) бар бос орындар барлық өтініш берушілер үшін қолжетімді болады.

     Орындарды ерте тағайындау ағымдағы жылдың 11 мамырынан 25 мамырына дейінгі кезеңде олардың болжамды босатылу күні көрсетіле отырып жүргізіледі. 

     Топтарды қалыптастыру оқу жылының басына толық жасы толған балаларды ескере отырып, мынадай жас топтарында жүзеге асырылады: ерте жас – 1 жастан бастап (ерте жас тобы); кіші жас-2 жастан бастап (кіші топ); ортаңғы жас – 3 жастан бастап (орта топ); ересек - 4 жастан бастап (ересек топ); мектепалды даярлық– 5 жастан бастап (мектепалды даярлық тобы).

Павлодар қаласы білім беру бөлімі

2021-2022 оқу жылына орынды ерте тағайындау кестесі

көшіріп алу қарау

Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында орынды ерте алу бойынша жариялау кестесі

көшіріп алу