kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3050502
Бір айда174913
Бір аптада29186
Кеше2047
Тәулік470
Золотая книга
Евгения Яковлевна Гуйо
Евгения Яковлевна Гуйо

Евгения Яковлевна Гуйо 1949 жылы Алтай өлкесі Славгород қаласында дүниеге келген.

 Евгения Яковлевна №1 музыкалық мектепте 1973 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 1996 жылдан2009 жылға дейін мектеп директоры болды. Қаламыз бен облысымыздың музыкалық мәдениетін дамытуда елеулі үлес қосып келеді.

Оның басшылық етуі кезінде осы мектептің ұжымы және тәрбиеленушілері түрлі деңгейдегі сайыстарда тұрақты түрде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырды.

Көп жылдар бойы Евгения Яковлевна Павлодар облысы атынан БММ және ӨМ республикалық директорлар кеңесі басқармасының мүшесі болды. Өзінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін растай отыра, жыл сайын комиссия төрайымы және қазылар алқасының мүшесі ретінде, жас музыканттардың қалалық және облыстық деңгейдегі түрлі сайыстарына қатысып отырды.

Тәжірибелі және білікті педагог. Оқушыларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасай біледі. Өз білімін және педагогикалық шеберлігін әріптестеріне және оқушыларына таратады, қалалық және облыстық музыкалық мектептердің педагогтарына үнемі кеңес беру жұмысымен айналысады.

Оның жұмысы ұйымшылдық, талап қоя білушілік, жан тәнімен берілушілік және әдістемелілігі мен өте сабырлы, игілігімен білінеді. Әріптестері мен ата-аналар оны талапшылдығы, іскерлігі және адамгершілік қасиеттері үшін жоғары бағалайды.

Сабира Шакенқызы Сейітова
Сабира Шакенқызы Сейітова

Сабира Шакенқызы Сейітова 1958 жылы Павлодар облысы Григорьевка ауылында туған.

Мектепті бітірісімен ақ, Павлодар ауданының Шақат орта мектебінде аға тәлімгер болып жұмыс істеді.

         1975-1979 жылдар аралығында Павлодар педагогикалықинститутындафилологияфакультетінде білім алады.Институтты бітіргеннен кейін, Майский ауданы Амангелді орта мектебінде орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі боп жұмыс істеді, содан кейін осы мектептің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары, 1983 жылдың қыркүйек айынан1997 жылдың мамыр айына дейін мектеп директоры болды.

         1996 жылы осы мектепке А. Иманов атындағы мектеп лицейі атағы берілді.

         Сабира Шакенқызы 1980-1982 жылдары Майский райком комсомолының хатшысы боп тағайындалды. 1997 жылы Майский ауданының білім беру, мәдениет және спорт бөлімінің меңгерушісі болды.

         2000-2002 жылдарыПавлодар қаласының №6 ЖОМ директоры болып қызмет атқарды. 2002 жылғы қаңтар айынан 2008 жылғы сәуір айына дейін Павлодар қаласының №29 ЖОМ директоры.

         2008 жылғы сәуір айынан 2014 жылғы наурыз айына дейін «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ басшысының орынбасары болды.

         2014 жылғы наурыз айында «Павлодар қалалық білім беру жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы боп тағайындалды.

         «Павлодар қалалық білім беру жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрайымы лауазымындағы жұмысында Павлодар қаласының білім саласында ардагерлер қозғалысына ерекше көңіл бөледі, сондай ақ жас педагогтармен де белсенді жұмыс жасауда.

«Қазақстан Республикасы білім беру Үздігі» төс белгісімен, «Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті жұмыскері» белгісімен, Қазақстан республикасы тәуелсіздігене 20 жыл төс белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Филинская Мария Николаевна
Филинская Мария Николаевна

Мария Николаевна Филинская 1949 жылы Алтай өлкесі Озерное ауылында дүниеге келген.

         Өте еңбек сүйгіш және ұстаусыз жігерлі, өзіне және айналасындағыларға талап қоя білетін, әріптестеріне үлгі бола алатын және өзімен бірге алып жүретін адам.

         1992 жылы №9 мектептің басшысы болған кезінен бастап, өз ұжымын сол уақыттан бері ұстап қала білді, сондай ақ өзінің бойындағы болашаққа әрдайым сеніммен қарай білетін және шексіз энергиясының арқасында мектептің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын жаңартумен, мектепке жаңадан жалғай салу құрылысымен айналыса бастады.

         Білікті басшы, басқару және менеджмент, педагогикажәнеоқушы психологиясы саласында тәжірибесі және білімі мол ұстаз. Оның көп жылғы еңбек өтілі және тәжірибесі мектеп жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруға ықпал етеді.

         Оның басшылық етуімен «Кәсіби мәдениет мектебі» модельі әзірленді. Осының барлығы мектепті жаңа үлгідегі «Мектеп-гимназия» болып ауысуына әсер етті.

         Ерекше сіңірген еңбегі үшін «Шапағат» төс белгісімен, көптеген грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған, «ҚР білім берудегі Үздігі» атағы берілді.

ЗӘУРЕШ ҚУАНТАЙҚЫЗЫ МҰҚАШЕВА
ЗӘУРЕШ ҚУАНТАЙҚЫЗЫ МҰҚАШЕВА

Зәуреш Қуантайқызы Мұқашева 1957 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысы Павлодар ауданы Черноярка ауылында дүниеге келген. Зәуреш Қуантайқызы 40-жылдық жұмыс өтілі ішінде білімнің барлық баспалдағынан өтті. 2010 – 2016 жылдар аралығында Павлодар қаласының білім беру жүйесін басқару кезінде қалалық білім беру жүйесінің инфрақұрылымы 115 мекемеден 137 мекемеге дейін артты. Оның бастамасымен және жеке қолдау көрсетуімен мектепке дейінгі білім беру саласында жеке меншік жеткізушілерді ынталандыру бойынша қарқынды жұмыс басталды. Зауреш Қуантайқызының басшы ретіндегі басты ерекшелігі – әріптестеріне талапшыл болып келе, қандай жетістіктерге жетуге болатынын өз үлгісімен көрсетеді. Оқу-тәрбиелеу үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге көп көңіл бөле отырып, Зауреш Қуантайқызы бөлім жұмысын нақты мақсаттарға жету үшін үйлестіре білді. Павлодар қаласы мектептерінің құрама командасы жыл сайын облысымыздың ең үздік олимпиадалық командасы болып танылады. Жыл сайынғы рейтинг (дәреже көрсеткіш) қорытындылары бойынша Павлодар қаласының білім беру жүйесі үнемі бірінші орында. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары, «ҚР Білім беру жүйесінің құрметті қызметкері», «Білім беру ісінің үздігі - 2012», «Ең үздік мемлекеттік қызметкер», «Облыс алдындағы ерең еңбегі» белгісі секілді атақтары Зауреш Қуантайқызының жоғары деңгейдегі жеке кәсіпқорлығын, басқару қызметіндегі тиімділігін растайтын нәтижелері болып табылады. 

Татьяна Николаевна Качура
Татьяна Николаевна Качура

Татьяна Николаевна Качура 1952 жылдың 15 маусымында Павлодар қаласында дүниеге келді. 30 жылдан аса Павлодар қаласының № 36 жалпы орта мектебін басқарды. Жұмысында өзін үздік ұйымдастырушы, адал басшы ретінде көрсете білді. Әр мұғалімінің көңілін, тілін тауып, ұжымын епті басқара білді. Оның бастамасымен 1998 жылы мектепте республикамыздағы жалғыз, ең алғашқы қоршаған ортаны қорғау музейі ашылды. 2002 жылы Татьяна Николаевнаның басқаруымен мектеп экологиялық статус алды. 2008 жылдан бастап осы мектеп «Мектептер. Болашақтағы серіктестер» атты халықаралық білім жобасына қатысады, соның арқасында оқушылар еуропа тілдерінің бірін жетік меңгеруге және Германияда жоғары техникалық білім алу мүмкіндігіне ие болды. Татьяна Николаевна – мақсатқа бағытталған, жігерлі адам. «Қазақстан Республикасының білім саласының үздігі» белгісімен марапатталды. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар ұжымында беделді.

Алла Петровна Басевская
Алла Петровна Басевская
Алла Петровна Басевская 1956 жылы туылған, тұрмыста, екі ересек ұлдары бар. Еңбек жолының алғашқы күндерінен бастап мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Кәсіби қызметін 1980 жылы Павлодар қаласының №38 сәбилер бақшасында бастайды. 1987 жылы В. Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша үздік бітіреді. 1989 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Мектепке дейінгі педагогика мен психология» мамандығы бойынша оқып үздік дипломмен бітіреді және әдістемелік жұмысқа ауыстырылады. 1995 жылдан 2007 жылдар аралығында Павлодар қаласының №38 сәбилер бақшасын басқарды. Павлодар қаласының №3 сәбилер бақшасын қалпына келтіріп 2010 жылға дейін басшылық етті. 2010 жылы Республикалық «Балапан» бағдарламасы бойынша Павлодар қаласының №27 сәбилер бақшасын қалпына келтіріп, осы уақытқа дейін басшы қызметін атқарады. 2013 жылы сәбилер бақшасы «Үздік қазақ тілі кабиенеті» байқау-конкурсында бірінші орын, 2014 жылы «МДМ Үздік алаңқай» қалалық байқау-конкурсында 1-орын (Гран-при), 2015 жылы қаланың мектепке дейінгі мекемелері арасында білім беру қызметін сапасы бойынша 1-орын алды. 2016 жылы сәбилер бақшасы облыстық «Үздік мектепке дейінгі ұйым» конкурсы бойынша жеңімпаз атанды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне көп жылдық табысты еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы мен жеке сіңірген еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төс белігісің иегері, түрлі деңгейдегі Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған.    
Тамара Николаевна Иванова
Тамара Николаевна Иванова

Тамара Николаевна Иванова 1956 жылы Белоруссия Республикасының Могилев облысында дүниеге келген. Білім беруді басқару жүйесінде қазіргі заманғы менеджменттің кәсіби қасиеттерін сіңірген, білікті басшы. Басқарма сұрақтарында, білім жүйесін дамыту стратегияларындағы терең білімі, тәжірибесі, білім саласында өзекті мәселелерді шешу жолдарын инновациялық іздеуіне байланысты жауапты жұмысты атқаруға мүмкіндік береді, дамытудың инновациялық білім жобасын өңдеп, жүзеге асыруын қабылдаған шешім тиімділігін қамтамасыз етеді. Тамара Николаевна мектеп тәжірибесінде сұранысқа ие және кеңінен қолданылатын, жеке оқыту тәсілі технологиясының (ТИСО) автор – әзірлеушісі. Оның кәсіби қызметі ғылыммен әрекеттесуге, халықаралық білім беру орталықтарымен, Қазақстан мен Ресейдің үздік жоғары оқу орындарымен қызметтестікте болуға негізделген. Тамара Николаевна өз алдына нақты мақсат қоя білетін, өз кәсіптік білімін үнемі жетілдіріп, жауапкершілігі жоғары дәрежеде, қойған мақсаттарына шығармашылық жолмен қарайтын адам. Жоғары деңгейлі коммуникативті шеберлігі, үнемі іскерлі ынтымақтастығы шығармашылық жағдай орнатып және педагогикалық ұжымда білім бастамасын қолдай алады. Білгенін жас мамандармен бөлісуге әрдайым дайын. Облыс көлемінде беделі зор. Ерен еңбегі үшін 1999 жылы «Қазастан Республикасы білім беру ісінің үздігі», 2011 жылы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атақтарымен марапатталды.  

СИПИЙ ЮРИЙ ИВАНОВИЧ
СИПИЙ ЮРИЙ ИВАНОВИЧ

Юрий Иванович Сипий 1945 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келді. 1976 жылдан бастап Павлодар қ. №12 ЖОМ педагогикалық ұжымға жетекшілік етті1995 жылдан бастап әр түрлі жас тобында ұжымдық оқыту тәсілі негізінде оқыту демократиялық жүйесін ендіруімен жұмыс жасады. 1999 жылдың сәуірінде № 34 ЖОМ-да директор болып тағайындалды, онда 14 жыл жетекшілік етті. 2001 жылы мектепке инновациялық үлгі мәртебесі берілді. 2004 жылдан бастап №34 мектепте 12-жылдық жалпы орта білімге көшу жүйесі жағдайында мектеп моделі бейімделді. 2006 жылы халықаралық «Қазақстанның Эко-мектептері» жобасында жеңімпаз атанып, «Шаңырақ» экологиялық қызметінің мектебі атауына лайық және Жасыл тумен марапатталды. Қазіргі күні педагогикалық қызметін тарих мұғалімі ретінде жалғастырып келеді. Өнерлі, бастамашыл педагог, Краснояр білім орталығында КСО қозғалысының халықаралық мұғалімдер ассоциациясы мүшесі. Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісінде мағыналы жетістіктері үшін бірнеше дүркін марапатқа ие болды. 1991 жылы «Қаз ССР ағарту үздігі» атауына ие болды. 2009 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды.

Николай Захарович Семига
Николай Захарович Семига

Николай Захарович Семига– ұзақ жылдар бойы Павлодар қаласының № 43 жалпы орта білім беру мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Директордың ұсынысы бойынша мектепте орта буынның бейіндік жүйесін жетілдіруді дайындауда тәжірибе жасау-сынақ өткізу және 12-жылдық білім беру тұжырымдамасына сәйкес жоғары сыныптарда бейіндік оқытуды ұйымдастыру жұмыстары басталды. Қазіргі талаптарға сай оқыту технологияларын меңгеріп, қолдануда Инновациялық Еуразиялық университеті мен Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының негізінде қалалық ғылыми- тәжірибешілік семинардың ұйымдастырушы болды. Оның басшылығымен мектеп педагогикалық тәжірибенің озық мәртебесіне ие болды, сол арқылы мұғалімдер мен оқушылар сабақтастығының айқын үлгісін аңғартады. Николай Захарович оқушылардың тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Мектеп оқушылар ұжымы өмірінде сабақтастық қағидалары мен жоғары замандас адамгершілік тәжірибе негізінде балаларды тәрбиелеуде көп жылғы адамгершілік дәстүрі бар. 2007 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ішкі істер бөлімшелерімен тығыз байланысты жұмысы үшін және оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғаны үшін Павлодар облысының ішкі істер департаментінің Атаулы мақтау қағазымен марапатталды; мектеп ұстаздары мен оқушылардың еріктілер жұмысын қала әкімі мақтау қағазымен бағалады. Мектеп жылдар бойы қалалық спартакиада нәтижесі бойынша І орын алып келеді. Мектеп оқушыларының шығармашылық қызметі, оқушылардың спортпен шұғылдануы, оқытудың жоғары нәтижелері - осының барлығы мектеп имиджі үшін берік іргетас болды. Өзінің барлық өмірін сүйікті ісіне арнаған тәжірибелі ұстаз, тәлімгер Николай Захарович өз айналасына шығармашылық ұстаздарды жинай алды. Кәсіби шеберлік, әріптестердің алдында еңбегі сіңген құрметке ие, Павлодар қаласының білім жүйесіне сіңірген еңбегі үшін тарихта шын алғысқа лайықты жазылды. Атақтары: «Қазақ КСР үздік ағартушысы», "Ерең Еңбегі үшін" медалі, «Астана қаласының 10-жылдығы» медалі, ҚР Президентінің Алғыс хаты.        

Бақыт Мақанқызы Бексеитова
Бақыт Мақанқызы Бексеитова

Бақыт Мақанқызы Бексеитова 1959 жылы педагогтар отбасында дүниеге келді, өзінің еңбек жолын 1980 жылы Павлодар педагогикалық институтын бітере сала, математика мұғалімі болып бастады. Өз еңбек жолында Бақыт Мақанқызы барлық деңгейді өтті: мұғалім, директор орынбасары, мектеп директоры, қалалық білім басқармасы және бөлім жетекшісі, облыс білім басқармасының басшысы. 1998 жылы білім жүйесі үшін қиын кезеңде оны Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелер басқармасының басшысы, ал одан бір жыл өткен соң – Павлодар қаласының білім басқармасы басшысы етіп тағайындады. Оның белсенді жәрдемдесуімен бұрынғы балабақшалар ғимараттарын қайтару бойынша қарқынды жұмыс жасала бастады. 2006 жылдан бастап 2010 жылдың басына дейін мектепке дейінгі білім ұйымдастыру жүйесі 35-тен 50 мекемеге дейін өсті. Мойылды ауылына 100 орынды №25 ЖОМ-ға 1070 орынды, №30 ЖОМ-ға 42 орынды жаңа мектептер құрылды. 2010 жылдың ақпан айынан бастап Бақыт Мақанқызы Павлодар облысы білім басқармасының жетекшісі қызметіне тағайындалды. Осы уақыттан бастап облыста оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қаладан тыс лагерьлер жүйесі ұлғайып, Баянауылда жыл бойы оқу-сауықтыру орталығы ашылады. Бақыт Мақанқызының бастамасы бойынша қалалар мен аудандар білім бөлімдерінің тиімді қызмет рейтингтік бағалау жүйесін ендірді. Облыс мектептері кадрларын қамтамасыз етуін жақсарту үшін, жоғары оқу орындарымен келісіп, дипломның орта балы бойынша рейтингтік сұрыптау негізінде облыстың білім басқармасы жоғары оқу орындарының түлектерін бөлуін жүзеге асырады. Бақыт Мақанқызы Бексеитова– білім жүйесінің заманауи менеджері, оның ерекшеліктерін терең білетін адам. Шапшандық, жинақылық, қажырлылық, талап етушілік және табандылық, кәсіби басқарманың терең білімі әріптестер мен қоғамдықтың көңілінен шықты, сыйластығына ие болды. Өз еңбегі үшін келесідей марапатқа ие: «ҚР Білім беру үздігі» (1993), «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2007), Астананың 10 жылдығына орай мерейтой медальдары (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011)

МҰРАТ ХАМИТҰЛЫ САҒЫНОВ
МҰРАТ ХАМИТҰЛЫ САҒЫНОВ

Мұрат Хамитұлы Сағынов 1941 жылы Алтай өлкесінің Горное қаласында туған. Білім беру саласына 40 жылдан астам жыл салып, соңғы 10 жылдай жетім балаларға арналған мекемеге басшылық етті. Педагогикалық еңбек шебері, бірегей шығармашыл жетекші, шебер ұйымдастырушы. Жоғары жауапкершілігі, адамгершілік қасиеттері, болашақты алдын-ала болжау және оның шешімдерін ұтымды іске асыра білу дағдылары оған, оқыту-тәрбиелеу процессін ұйымдастыруда жоғары жетістіктерге, үздік нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Педагогикалық және басқарушылық жұмысынындағы көп жылғы тәжірибесі, кадрларды жақсы таңдап, ұтымды орналастыруы, қаржылық-шаруашылық қызметті білуі Мұрат Хамитұлына мекеменің материалдық базасын нығайтуға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жақсы, жағдайға қолайлы орта жасауға мүкіндік берді. Интернатта балаларға жақсы күтім көрсетіледі, қамқорлық жасалады. Мекеменің әкімшілігі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жаппай спорттық шаралар ұйымдастыруға көп көңіл бөледі. Табанды, талапшыл. Оқушылар, педагогтар ұжымы және қала жұртшылығы арасында еңбегі сіңген сый құрметке, аса жоғары беделге ие. ҚазССР ағарту министрлігінің грамотасымен, ҚР «Оқу үздігі» кеуделік белгімен, «Ы. Алтынсарин» медалімен марапатталды.   

Хамзина Бақыт Шәкенқызы
Хамзина Бақыт Шәкенқызы

Хамзина Бақыт Шәкенқызы – Қазақстан Республикасының білім үздігі, Индустриалды білім беру бөлімінің меңгерушісі, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер басқармасының бастығы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бастығы, қала және облыс білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қосты.    

Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер мен сыныптар ашылуының бастамашысы, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің желісін дамытуға және сақтауға көп көңіл бөлген адам

Мұкашева Гүлбаршын Жұмажанқызы
Мұкашева Гүлбаршын Жұмажанқызы

25 жасынан бері   Гүлбаршын Жұмажанқызы білім беру мекемесінің басшысы болды. Оның пікірі бойынша қаламызда дарынды балаларға арналған мемлекетік тілде оқытатын мектептер ашылды.  Өзі басшылық еткен «Жас дарын» мектебі жоғары нәтижелер көрсетіп, облыс мектептерінің үздіктері қатарына болды. Павлодар қаласының білім беру жүйесіне қосқан жеке үлесі үшін «Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталды

Лыбо Геннадий Павлович (23/08/1947 - 20/01/2010)
Лыбо Геннадий Павлович (23/08/1947 - 20/01/2010)

Отличник народного просвещения Казахской ССР.

С 25 лет Геннадий Павлович – директор школы № 40 села Павлодарское. Более 10 лет его школа достойно представляла результаты своей работы и входила в число лучших школ области. Его педагогический и управленческий опыт по достоинству ценили коллеги, работавшие с ним в городских школах № 35, 34, Ильичевском районо, отделе образования города, Инновационном Евразийском университете. Под руководством Геннадия Павловича были начаты интересные, перспективные эксперименты по апробации и внедрению новых педагогических технологий, идей профилизации обучения старшеклассников. Эти начинания до настоящего времени приносят свои плоды.

Гельбштейн Елена Васильевна
Гельбштейн Елена Васильевна

Гельбштейн Елена Васильевна родилась 20 мая 1946 года.

Отличник образования Республики Казахстан, опытный руководитель, имеющий фундаментальные знания в области управления и менеджмента, педагогики и психологии школьников, около 20 лет возглавляла педагогический школы - лицея № 16.

Богатый практический опыт Елены Васильевны способствовал становлению школы, которая одна из первых 90-ые годы начала работать по проблемам профилизации обучения на старшей ступени с привлечением потенциала преподавателей ВУЗов города.

Сейчас Елена Васильевна на заслуженном отдыхе, живет в Германии, но сердце ее по-прежнему крепко связано с любимой школой, любимыми учениками, которые тепло и с любовью вспоминают своего главного Учителя!

Қамал Диярқызы Диярова
Қамал Диярқызы Диярова

Павлодар қаласының білім саласында еңкселі еңбек атқарған ұлағатты ұстаздардың бірі. Еңбек жолын 1966 жылы ауыл мұғалімінен бастап бүгінгі күнге дейін жалғастырып келеді.

            40 жылдан аса білім саласында атқарған жұмыстары ұшан-теңіз. Қазақ мектептерін қалпына келтіріп санын көбейту, оларды білімді мамандармен қамтамасыздандыру Қамал Диярқызының ерекше қамкорлығында болды.

             Білімділігі, іскерлігі арқасында мұғалімнен қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасарына дейін атқарылған қызметі тиісті бағасын алды: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министірлігінің грамоталарымен, «Білім саласының үздігі» марапатталады.

Рыжкова Людмила Васильевна
Рыжкова Людмила Васильевна

Отличник образования Республики Казахстан, обладатель нагрудного знака «Ы.Алтынсарин», главный специалист отдела аналитики и мониторинга филиала АО НЦПК "Өрлеу" по Павлодарской области.

Людмила Васильевна – первый директор Центра развития образования города Павлодара, стояла у истоков создания областной системы оценки качества образования, ее отличает потребность в непрерывном образовании, альтернативное мышление, готовность к инновационным преобразованиям  и творческой деятельности.

          Владеет инновационными подходами к организации методической работы, много внимания уделяет повышению компетентности, профессионализма преподавателей и руководителей школ по вопросам современного менеджмента в образовании.

Смерницкая Валентина Владимировна
Смерницкая Валентина Владимировна

Валентина Владимировна – человек принципиальный, требовательный, обладает высокой культурой, душевной чуткостью. Педагог с высоким авторитетом  у  коллег, учителей, родителей, учащихся.

Весь жизненный путь Валентины Владимировны связан с педагогической деятельностью, она прошла все этапы становления руководителя школы: организатор внеклассной и внешкольной работы, заместитель директора по учебно - воспитательной работе в школах № 27, 11, 1.

         За годы работы неоднократно награждалась грамотами ЛКСМ Казахстана, обкома профсоюзов, Ильичевского  и Индустриального РОНО, городского акимата, департамента образования. Имеет звание «Ветеран труда» и «Отличник образования РК».

С 1990 года бессменно проработала в качестве директора школы № 41 восемнадцать лет. В 2001 году школе присвоен статус инновационной, профильной с физкультурно-оздоровительной направленностью.

          Министерством образования и науки РК дана высокая оценка деятельности директора за эффективность научно - исследовательской работы по проблемам организации и пропаганды ЗОЖ, была награждена Грамотой МОН РК.

Беннер Людмила Ивановна
Беннер Людмила Ивановна

Талантливый педагог и умелый руководитель, отдавший работе в системе дошкольного обучения и воспитания более 40 лет. Инициатор создания дошкольной организации нового типа – центра гармонического развития ребенка. За личный вклад в развитие системы дошкольного образования города Павлодара награждена знаком «Отличник образования Республики Казахстан», медалью Ыбырая Алтынсарина

Абетова Майра Рамазановна
Абетова Майра Рамазановна

Более 15 лет возглавляла коллектив школы № 42. Школа № 42 – ее детище, сколько сил вложено Майрой Рамазановной в ее строительство, оснащение материально - технической базы, подбор и расстановку педагических кадров и создание условий для  эффективной  организации учебно - воспитательного процесса в режиме инновации.За личный вклад в развитие системы образования города Павлодара награждена знаком «Отличник образования Республики Казахстан», медалью Ыбырая Алтынсарина

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 соңғысы