kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3001755
Бір айда205123
Бір аптада38408
Кеше7394
Тәулік50
Тәрбие жұмыстары секторы

Бөлімнің құзырлығы: көпшілік мерекелер, оқушылар үшін конкурстар ұйымдастыру және өткізу, білім беру мекемелерінде тәрбие беру жұмысының тиімділігін бақылау, мектептерде тәрбие беру процесін әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету, әлеуметтік ұстаздардың, балалар құқығын қорғау жөніндегі мектеп инспекторларының қызметін бақылау, балалар қаңғыбастығы мен қараусыздығын, қылмыс жасауын алдын алу, СӨС қалыптастыру, білім беру мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру және медициналық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар сапасын бақылау және ұйымдастыру.

Төлектемірова Айгүл Серікқызы
Төлектемірова Айгүл Серікқызы

телефон - 301497

сектор мамандарының жұмысын үйлестіріп, бағыттайды;

қалалық білім беру мекемелеріндегі тәрбиелік жүйені дамыту мен келешектік дамуын жоспарлайды, сараптама өткізеді;

жалпы білім беруді қамтамасыз ету жөнінде қалалық жалпы орта білім беру мектептерінің білім беру бағдарламаларын орындауын қадағалайды;

білім беру мекемелеріндегі оқушылар құрамын есебін, сақталуы мен қозғалысын бақылап отырады;

балаларды оқумен қамту мәселесі бойынша балалар құқықтарын қорғау комиссиясымен, әділет, прокуратура, ІІБ органдарымен байланыс орнатады, қалада тұрып жатқан оқушылар құрамын есепке алып отырады;

кешкі және сыртқы оқу үлгілеріндегі білім беру мекемелерінің қызметін,    еңбекпен түзеу мекемелеріндегі № 44, 45 мектептер қызметін, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан балалар мен жасөспірімдердің оқуын ұйымдастыруды қадағалайды;

білім беру бөлімі мен білім беру мекемелерінің жұмыстары бойынша қорытынды сараптамалық мәліметтерді әзірлейді;

мектептен тыс мекемелер аттестациясы мен аттестациядан кейінгі бақылауды жоспарлайды және ұйымдастырады;

жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша есептер береді

Сағындық Сембайұлы Шәкенов - ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ СЕКТОРЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Сағындық Сембайұлы Шәкенов - ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ СЕКТОРЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

бас маман міндетті:

 «саламатты өмір салты» кешендік бағдарламасының орындалуын бақылайды, қала мектептеріндегі медициналық қызмет барысын, арнайы топтардағы жұмыстарды, педагог-психологтар жұмысына бақылау жүргізуге; 

 оқушылардың жазғы демалысы мен еңбектерін қадағалауға.

 қаланың барлық үлгідегі мектептерінің  тамақтандыруды ұйымдастыру барысын қадағалауға.

қала мектептеріндегі санитарлық – гигиеналық ережелер мен нормалардың орындалуын бақылауға;

 оқушылардың денсаулықтарын нығайту мәселесі бойынша тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасараларымен, валеологтармен, денсаулық сақтау мекемелерімен пікір алмасуға.

 бекітілген стандарт пен регламентке сәйкес «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну  үшін құжаттарды қабылдау мектептерде атегориялы оқушылар және тәрбиенушілерді тегін тамақтандыру үшін құжаттарды қабылдау», «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтерді іске асыруға;

 аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстарын қадағалайды, жалпы оқу қорының тиімді пайдалауын бақылауға;

білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша әлеуметтік педагогтармен өзара әрекет жасауға;

 балалардың өзіне өзі қол жұмсауына профилактика бойынша барлық үлгідегі қала мектептерінде жұмыс ұйымдастыруға;

 діни экстремизм профилактикасы бойынша барлық үлгідегі қала мектептерінде жұмыс ұйымдастыруға;

жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша есептер беруге;

мектептердің қызметіне жетекшілік жасауға;

 ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауға.