Сенім телефоны
(87182)676300
email: yaslisad-2009@mail.ru
Мекенжайы: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
Бухгалтер

.

Бигельдинова Жулдуз Габдулбариевна
Бигельдинова Жулдуз Габдулбариевна

     Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін (негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнім өткізу шығындарын, шаруашылық-қаржы нәтижелерінің есебін жүргізу, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды.

    Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.

    Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды санап өңдеуге дайындайды.

   Негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетеді.

     Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының есептік калькуляциясын жасайды, шығындардың және көзделмеген шығындардың пайда болуы көздерін анықтайды, олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар дайындайды.

   Салықтар мен алымдарды  аймақтық және жергілікті бюджеттерге, сақтандыру жарналарын мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларға, төлемдерді банктік мекемелерге, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты, жұмысшылар мен қызметшілердің жалақыларын, басқа ақша төлеуді мен төлемдерді есептейді және аударады, сондай-ақ кәсіпорынның қызметкерлерін материалдық ынталандыруға арналған қаражатты аударады.

   Басшыларды,  аудиторларды және бухгалтерлік есептіліктің басқа пайдаланушыларын есептің тиісті бағыттары (учаскелері) бойынша салыстырмалы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

    Шоттардың жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын, үлгі нысандары көзделмеген бастапқы құжаттардың нысандарын, сондай-ақ ішкі бухгалтерлік есепке арналған құжаттардың нысандарын әзірлейді, есеп жүргізудің негізгі тәсілдері мен әдістерінің мазмұнын және бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын айқындауға қатысады.

    Шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептіліктің деректері бойынша кәсіпорынның шаруашылық-қаржы қызметін экономикалық талдауға, қазіргі заманғы есептеу техникасының құралдарын қолдану негізінде бухгалтерлік есептің прогрессивтік нысандары мен әдістерін әзірлеуге және ендіруге, ақша қаражаты мен тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады.

   Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректер дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа өткізу үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді.

    Бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізеді,  деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгертулер енгізеді.

    Тапсырмалардың не олардың есептеу техникасының көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерінің экономикалық қойылуын қалыптастыруға қатысады, экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалардың пакетін пайдалану мүмкіндігін айқындайды.

     Мемлекеттіңк сатып алу \мемлекеттік сатып алу жоспарын құрастырұ\ға көмектеседі, мемлекеттік сатып алу жоспарына қосымша кіргізеді, хабарлама береді, қорытынды шығарады,\ жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды.